Қазақстанның "Құрметті Ардагер теміржолшысы" Алдаберген Амандық Қалиұлымен кездесу кеші
25-қаңтар күні облыстық кітапхана техникалық әдебиеттер бөлімінде майталман теміржолшы, Қазақстанның "Құрметті Ардагер теміржолшысы", "ҚР Журналистер Одағының" мүшесі, Мұнайлы ауданының "Құрметті азаматы", "Құрмет белгісі" Ордені және 20-дан астам медалдың иегері Алдаберген Амандық Қалиұлымен кездесу кеші өтті
Алдаберген Амандық Қалиұлы – Маңғыстау облысының теміржолы туралы кітап жазған бірден-бір авторы: "Маңғыстаудың күре тамыры", "Теміржолдың түп қазығы", Махаббат өрімі", "Өмір мен аңыз", "Өмір өрнектері"," Жұлдыздай аққан жылдар-ай", "Шешілген түйін", "Түбекті түлеткен теміржол", "Жоли баба" және "Аманат".
Кездесу кешіне ардагер-теміржолшылар, журналистер мен жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер – О.Көшбайұлы, М.Қибасов, Ү.Жәлеке, У.Қожахмет Шабайұлы, Д.Аралбай, С.Төлетов, Ч.Әбіловтер келіп тағылымды әңгімелерін айтып, ақ тілектерін жеткізді. Маңғыстау облысының теміржолының тарихы жөнінде мәнді, мағыналы мәліметтер айтылды.
Іс-шараға, сонымен бірге, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты Қарақия аудандық шекара басқармасының сарбаздары және М.Тынышбаев атындағы колледждің студенттері қатысты. Ал, А.Алдаберген, А.Ғабитқызы кеш кейіпкерінің өлеңдерін оқыды. Кездесуге келгендер ардагер теміржолшы, жазушы Амандық Қалиұлымен естелік суретке түсті.
18 сәуір күні кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Сайын Шапағатов құрған "Парасат" қозғалысының белді мүшесі, ақын ...
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» би ансамблінің жетекшісі, дарынды хореограф Серік Сариевпен жастардың ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Бейсенбай Тауманов, ...
6 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің құрметті қонақтары: «Маңғыстау облыстық Ауған соғысы ...
Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ұйымдастыруымен ақын, ұстаз Оңайгүл Тұржанның "Дала, сенің қараймын ...
Кітапханамыздың «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» арнаулы кітапханада ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, әнші (тенор), ...
Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен дәстүрлі кездесу шарасы өтті. Кездесуге Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр ...
16 қараша күні балалар бөлімінде Жерлесіміз, талантты балалар ақыны, Көмек Ыбырайұлымен кездесу кеші өтті. Кешке қаламыздағы 8, 12 мектептің 4 сынып ...
8 қараша күні өнер бөлімінде "Мың бояулы Маңғыстау" атты әңгіме сағат өтті. Әңгіме сағатына Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенттері қатысты. ...
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешіміздің кейіпкерлері осы Маңғыстау өңірінде өмір ...